АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]Пианинода айнайтын талантты қораз өнерімен көпті тәнті етті (видео)[:]

[:kz]

Қытайдың Гуйчжоу аймағындағы ауыл шаруашылығы колледжінде оқитын Сяо Чуань тек қана білім алып қоймай, қызықты эксперименттер де жасайды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы 120.su-ға сілтеме жасап.

Студент өзінің оқытушысымен бірге үй жануарларының іс-әрекеті мен психологиясын терең зерттеумен айналысқан. Соның нәтижесінде олар қоразға фортепианода ойнауды үйреткен.

Аспапта ойнаған үй құсы тыңдаушыларға өте түсініксіз музыкаларды ұсынғанымен, мұндайды көзбен көріп, құлақпен есту таңқаларлық дүние.

Жас жігіт пен оның ұстазының айтуынша, қолданбалы мінез-құлық теориялардың көмегімен екі айдың ішінде кез келген әтешті пернені басып, музыка орындауға үйретуге болады.

 

Айта кетсек, Австралия тұрғыны балкондағы шыршадан ұзындығы үш метрге дейін жететін жыланды анықтаған.

 

 

Квинсленд штатының тұрғыны мерекелік шыршадан алын жыланды көріп, қатты шошыныптры.

Келіншек өзінің екінші жартысымен жұмыстан оралған. Олардың шырша тұратын балкондарына түрлі құстар келіп, қонатын. Үй иелері жануарлармен бірге суретке түспек болған кезде ғана не болып жатқанын анықтаған.

Ер адам шыршаның жанына жақындаған кезде ғана оның үстінде питонның тұрғанын байқапты. Жылан денесімен шыршаны орап алған екен.

Олар жануарға тиіспей, оның өз еркімен кетіп қалуын бірнеше сағат бойы күтіпті. Салдарынан алып жылан қашып кетіпті.

[:]