АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]Петропавлдық оқушының Аяз Атаға жазған хаты жұрт жүрегін елжіретті[:]

[:kz]

Петропавлдық Асқар есімді бала Аяз Атадан өзінің анасымен бірге көп уақыт өткізуін сұрапты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі pkzsk.info порталына сілтеме жасап.

Асқардың жасы 11-де, ол жергілікті №25 мектепте оқиды екен. Анасы баласының тілек хатын үйін жинап жүріп, тауып алыпты. Баласы сырқаттанып, ауруханаға түспес бұрын, Аяз атаға арнап хат жазған. 

«Біздің інім екеуміздің өз бөлмеміз болғанын қалаймын. Жаңа жылда анамыздың ақшасы көп болып, бізге көп уақытын бөлсе екен, әйтпесе бар күші жұмыс істеуге кетеді», — деп жазыпты балақай. 

 

[:]