АЛТЫНОРДА
Социологические опросы

[:kz]Песков: Ресейлік делегация Украина тарапымен келіссөз жүргізу үшін Беларуське келді [:]

[:kz]

 

Ресей президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков ресейлік делегация Украина тарапымен келіссөз жүргізу үшін Беларусьтің Гомель қаласына келгенін мәлімдеді, деп хабарлайды РИА Новости. Песковтің сөзінше, ресейлік делегацияның құрамында президент әкімшілігінің, Сыртқы істер және Қорғаныс министрлігінің сонымен қатар, басқа да ведомстволардың өкілдері бар. «Гомельде келіссөздер жүргізуге дайын отырамыз», — дейді ол.

Ал Беларусь Сыртқы істер министрлігі өз тарапынан кездесу үшін барлық қажеттіні дайындап қойғанын, қазір хаттама жағына қатысты мәселелер шешіліп жатқанын атап өтті. Еске сала кетейік, бұған дейін Дмитрий Песков Украина тарапымен келіссөз жүргізу үшін делегация құрылғанын, алайда Киев соңғы сәтте «байланысқа шықпағынын» хабарлаған еді. Келіссөздің неге болмай қалғанын кейін Украина президентінің кеңсесі түсіндірді.

kaz.nur.kz

 

[:]