АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]Павлодарда жігіт қызды бір ұрып сұлатты (видео)[:]

[:kz]

Павлодарда жігіт қызбен жанжалдасып, жұдырықпен бетінен ұрды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Куәгерлер осы оқиғаны видеоға түсіріп, Instagram желісіндегі парақшасында жариялады. Видеода жастардың жанжалдасқансәті және жігіттің қызды ұрғаны түсірілген. Қатты соққыдан қыз бала асфальтқа сұлап түсті.

Куәгерлердің айтуынша, оқиға 1 Мамыр және Крупский көшелерінің қиылысындағы дүкендердің бірінің алдында болғанына айтады.

Полицейлердің мәліметінше, оларға әзірге ешкім арыз бермеген.

«Бұл дерекке қатысты ешкім арыз бермеген. Видеоға қатысты тексеру жүріп жатыр», — деді облыстық ПД баспасөз қызметінің өкілдері.

Денсаулық сақтау басқармасының өкілдері, оқиға салдарынан зардап шеккендердің ешбірі көмек сұрап келмегенін айтады.

Tengrinews.kz 

 

 

[:]