АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]Павлодарда наразылық білдірушілер орыс тілін ресми мәртебесінен айыруды талап етті[:]

[:kz]

 

Павлодарда Естай атындағы қалалық мәдениет сарайының алдында қазақ тілін қорғауға арналған митинг өтті. Жиынға билік рұқсат берген. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Журналист Есенбек Санатұлы Facebook-тегі парақшасында митинг барысынан тікелей эфир жүргізді.

 

Жиналғандар қазақ тілді павлодарлықтардың жұмысқа қабылдау кезінде кемсітушілікке жиі ұшырайтынын атап өтті. 

Спикерлер әркім өзінен бастауы керек екенін – мүмкіндігінше қазақ тілінде сөйлеп, айналасындағыларды, ең алдымен, отбасы мүшелерін осыған шақыруы қажет екенін айтты.

Есенбек Санатұлы осындай жиналысты өткізудің өзі қаладағы қазақ тілінің ауыр жағдайын айғақтайтынын атап өтті.

Митингке атысушылардың басты талаптарының бірі орыс тілін ресми мәртебесінен айыру болды.

Еске салайық, Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес «мемлекеттік ұйымдарда және жергілікті өзін-өзі басқару органдарында орыс тілі ресми түрде қазақ тілімен тең қолданылады».

 

 

[:]