АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]Павлодарда құлақсыз туылған 3 жарым жасар сәбидің тағдыры көпшілікті жылатты[:]

[:kz]

Әлижан өмір есігін екі құлақсыз ашты. Одан бөлек, оның бір көзі дұрыс көрмейді.

Павлодар қаласының кішкентай тұрғыны Әлижан Бақтыбай халық көмегіне мұқтаж. Үш жарым жастағы сәби өмірге келгелі бері қиындықтармен күресуде. Әлижанда туа бітті дерттер көп, ең қиыны – оның екі құлақсыз туылғаны. Жалғызбасты ана Алмагүл Шұғайыпова кішкентай ұлының емі үшін халықтан шырылдап көмек сұрауда деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Әлижан өмір есігін екі құлақсыз ашты. Одан бөлек, оның бір көзі дұрыс көрмейді.

Бір қолында алты саусағы бар сәби көпшілік балалар секілді ойнап-күліп, анасының сөздерін естігісі келеді. Бірақ әзірге, бұл мүмкін болмай тұр.

Әлижанның анасы Алмагүл Шұғайыпова — жалғызбасты ана. Ұлының мүгедек болып туғанын көрген әкесі отбасын тастап, әйелімен ажырасып кеткен.

Бүгінде ол мүгедек ұлын іздемейді, тіпті, алимент те төлемейді. Ал ұлының емі үшін Алмагүлдің барған жері, баспаған тауы жоқ.

«Балам туған бойда-ақ көптеген жетіспеушіліктер бары байқалды. Бір көзі нашар көрсе, енді бір көзі мүлде көрмейді. Әкесі бізді тастап кеткен.

Анам мен екі інімнен өзге ешкімім жоқ. Жұмыс істеуге де мұрша болмай тұр. Өйткені, балама үнемі күтім керек. Әлижанның құлағына ота жасату үшін 70 мың доллар қажет.

Екі жылдан бері елден балам үшін ақша сұрап келем. Қайырымды жандардың арқасында 9 мың доллардай жиналды. Қалған ақшаны қайдан табарымды білмеймін», — дейді жанарына жас толған ана.

Бүгінде Әлижан үшін анасы атаулы әлеуметтік көмек те алған емес. Арнайы органдар Алмагүлге мұндай көмектің тимейтінін айтқан.

Үкімет мүгедектігі үшін 70 мың теңге ғана төлейді.

Әлижанның сегіз айлығында жомарт жандар балақайға есту аппаратын сыйлаған.

«Менің ана жүрегім де үмітке толы. Ұлымның құлағы естіп, көзі көріп кетеді деген арманымнан бас тартпаймын. Әлижаным басқа балалар секілді өсу үшін көмектесіңіздер, өтінем», — дейді Алмагүл.

Әлижан Бақтыбайға ота жасауға үндістандық дәрігерлер келісіп отыр.

Көмек көрсетемін деген қайырымды жандар үшін Алмагүл Шұғайыпованың реквизиттерін ұсынамыз:

Шугаипова Алмагуль Темиржановна

Есепшот: KZ87722R000126177769

Kaspi Gold картасы: 51 69 49 31 77 83 13 47

ИИН: 860221450429

 

[:]