13 апреля, 2019 Comments Off on Павлодарда қайтыс болған адамдар зейнетақы алып келген

Павлодарда қайтыс болған адамдар зейнетақы алып келген

Павлодарда "Қарттар мен мүгедектерге арнайы әлеуметтік қызмет көрсету орталығында" қайтыс болған адамдарға зейнетақы төленгені белігілі болды деп хабарлайды Рavlodarnews.kz тілшісі.

Павлодарда қайты болған адамдар зейнетақы алып келген
 

Бұл туралы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Павлодар облысы бойынша департаменті сыбайлас жемқорлықтың алдын алу басқармасының бас маманы Қанат Қасымов мәлім етті.

Оның айтуынша, зейнетақы төлемі мен жәрдемақыны қолдану бойынша комиссия шешімінде қамқорлыққа алынған тұлға қайтыс болғаннан кейін де оған бірнеше айлар бойы жүйелі түрде зейнетақы мен жәрдемақы, оған қоса, сабын, жаялықша сияқты гигиеналық заттар және дәрілік заттар жұмсалып отырған екен

"Тіпті, көз жұмған адам стоматологтың да қызметін алған. Жалпы, бұндай 38 жағдай тіркелді", - деді Қанат Қасымов.

Облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының орынбасары Гүлнәр Камалова басқарманың бұл мәселелермен жұмыс жасап жатқандығын атап өтті

kaz.nur.kz

Загрузка...

Комментирование закрыто.