АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]»Өзіне мүлде ұқсамай қалған»: Көпшілік Бейсен Құранбекті өмірінің соңында түскен видеосынан көріп танымай қалды (видео)[:]

[:kz]

Желіде «Өзіне мүлде ұқсамай қалған»: Көпшілік Бейсен Құранбекті өмірінің соңында түскен видеосынан көріп танымай қалды (видео)тің өмірінің соңғы кездерінде түсірген видеосы тарады. Көпшілік желіде тараған видеодан Бейсен Құранбекті көріп танымай қалды.

Күллі қазақ Бейсен Құранбекті әлі жоқтап жатыр. Ердің жасына жетпей бақиға аттанған азаматтың өлімі халықты есеңгіретіп тастады. Әріптестері естеліктерін жазып, отбасына сабырлық тілеуде.

 

Бейсен Құранбектің домбыра тартатын өнері бар еді. Өмірінің соңында Әбдімомын Желдібаевтың «Ерке сылқым» күйін тартып, видео түсірген екен. Видео желіде тарады.

Жұрт видеодағы адамның Бейсен Құранбек екеніне сенімсіздік білдірсе, енді бірі ауырып, арықтап кеткенін айтып жылады.

«Оған мүлде ұқсамайды», «Ол емес шығар», «Сол кісі, ауырғанан арықтап кеткен», «Күйді қалай жақсы тартады, мақамына келтіріп» десті олар.

Соңғы уақытта тележүргізушінің ауырып жатқаны хабарланған еді. 18 мамыр күні 49 жасына қараған шағында өмірден озғаны белгілі болды.

[:]