Ақлима Туманова – үш баланың анасы. Бүгінде ол жеті жасар ұлы Ерасылды сөйлету үшін барын салуда. Өкінішке қарай, уақыт оларға қарсы жұмыс істеп жатыр, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Ақлима ұлының бойындағы өзгерістерді кеш байқаған.

Ұлының тілі шықпағанына біраз алаңдаса да, дәрігерлер мен туыстарының басуымен біраз уақытын жоғалтып алады. “Төрт жасына қарай Ерасылды жан-жаққа апарып, емдете бастадық. Оған дейін жолыққан дәрігерлердің барлығы да оның сөйлеп кететінін айтып, шығарып салған. Бірақ ұлымнан оң өзгерістер байқамағасын, еліміздегі мықты деген мамандарға бардым. Уақыт өте келе дәрігерлер Ерасылға “аутизм” диагнозын қойды.

Бұл дерттен ешкім құлан-таза айығып кетпейді. Тек өмірге бейімдеу ғана қолымыздан келеді. Өкінішке қарай, мұндай ерекше баланың ем-домы үлкен қаржыны талап етеді”, – дейді анасы. Ерасылдың анасы қазір декреттік демалыста. Пәтер жалдап тұратын үш балалы отбасы тек отағасының табысына қарап отыр.

“Бүгінге дейін бар жиған ақшамызбен Ерасылды бес рет Ресейге апардық. Ол жақта ұлымның түсінігі сәл де болса қалыптасты. Кейін Ташкентке барып, еміміздің бірінші курсын аяқтадық. Ерасылда көптеген қайталанатын қимылдар бар. Мұны ауызекі тілде “стим” деп айтады. Ал Өзбекстанға барардың алдында оның мұндай әрекеттері шектен шығып кеткен еді. Өзінің бетін, басын тоқтаусыз ұратынды шығарды. Ташкенттен ем алған соң, баламның беті бері қарап, өзін ұрғанды қоя бастады. Ерасылдың сөйлемей жүргені ана ретінде жүрегімді ауыртады. Осы ұлымды қатарға қосу үшін қалған екі балам мен жанұямды да ұмытатын кездерім болады. Алда бізді екінші курс күтіп тұр. Сол емге баратын қаражат табылмай жатыр. Қайырымды жандардан қасиетті оразада көмек сұраймын”, – деді Ақлима.

Ерасылдың сөйлеп кетуіне көмектесем деушілер үшін реквизиттер: Kaspi bank: 44 00 43 01 54 24 47 73

Телефон нөмері: 8 707 882 42 26 Аклима.

Т Halyk bank: 44 05 63 97 36 39 56 15

kaz.nur.kz

 

Рубрика: