АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]«Өзін батырмын деп санамайды»: Ер адам Арысқа 5 рет барып, тұрғындарды құтқарған (видео)[:]

[:kz]

Арыстағы әскери бөлім аумағындағы жарылыс кезінде Жалғас есімді ер адам қалаға 5 рет барып, адамдарды құтқарған. Бастапқыда шымкеннтік тұрғын Арыстағы туыстарын табу үшін Алматыдан келіпті. Алайда артынша жолында кезіккендердің бәрін қаладан алып шығыпты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Бұл туралы құқықтанушы Еркін Қахаров Facebookжелісінде жазды. 

Құқықтанушының сөзінше, Жалғас Арыста жарылыс болып жатқаны туралы ақпарат тараған бойда сол жаққа аттаныпты. Нәтижесінде ол қалаға 5 рет барып, жолында кезіккен 40-қа жуық адамды алып шығып, өзінің және әпкесінің үйіне орналастырған. 

Қазіргі уақытта ол Арыстан жеткізілген тұрғындарды ас-ауқатпен қамтамасыз етуде. 

«Ол өзін батырмын деп санамайды. Ал мен үндемей жақсылық жасап, олардың әрекеті туралы ешкім білмейтін адамдардың көп екенімен мақтанамын. Оның қарапайымдылығы мені таңғалдырды», — деп жазды Еркін Қахаров. 

[:]