30 марта, 2019 Comments Off on «Өзі де жылап жіберді»: Киев әуежайында шымкенттік жігіт кішкентай қызды құтқарып қалды

«Өзі де жылап жіберді»: Киев әуежайында шымкенттік жігіт кішкентай қызды құтқарып қалды

Киев әуежайында жолаушылар ұшу уақытын күтіп отырғанда кішкентай балалардың бірі қақалып қалып, тұншыға бастаған. Осы кезде Шымкент тұрғыны Алексей Кудиенко көмекке келіпті. Ол қызды дәрігерлер жеткенше құтқарып қалған, деп жазады Stan.kz.

Сурет: Facebook/Мехрибан Бакиева

Шымкенттік ер адамның ерлігі туралы оқиға куәгері Мехрибан Бакиева Facebook желісінде жазды. 

 «Киев әуежайында көз алдымызда қайғылы жағдай орын ала жаздады. Кішкентай қыз қақалып қалып, қырылдап, еденге құлады. Оның жанына көптеген адам жүгіріп келіп, бәрі дүрлігіп кетті. Біреулері қоңырау шалып, енді бірі әуежай қызметкерлерін шақыруға жүгірді. Ал қыздың жағдайы уақыт өткен сайын нашарлай берді. Ол тыныс ала алмады», - дейді Мехрибан Бакиева. 

Әйелдің сөзінше жұрттың есі шығып, не істерін білмеген. 

«Қорқып, өзімнің дәрменсіздігімді сезінгеннен жылап жібердім. Оның беті көгере бастағанда сәлден кейін оның қайтыс болып кетуі мүмкін екені түсінікті болды... Ал дәрігерлер әлі келмеді», - дейді әйел. 

Оның айтуынша, осы кезде көпшіліктің арасынан бір жігіт суырылып шығып, көмекке келген. 

«Өзі де жылап жіберді»: Киев әуежайында шымкенттік жігіт кішкентай қызды құтқарып қалды

Сурет: Facebook/Мехрибан Бакиева

«Адамдар тыныш тұра қалды. Тыныштық орнады. Кенеттен қыз сырылдап деп алып, тыныс алып, жөтеле бастады... Адамдардың мойнынан жүк түскендей болды. Бірі қол шапалақтаса, енді бірі дауыстап жылап жіберді. Мен де жыладым... Бір сәтте қатты қорқып, қатты қуандық. Ол жігіттің жанына барып, құшақтап алдым. Ол да жылап тұрған еді. Қолы дірілдегенін көрдім. Қатты шок алғаны көрініп тұрды», - дейді ол. 

Дәрігерлер келгенде қыздың өміріне қауіп төніп тұрмаған екен.

Мехрибанның сөзінше, қызды құтқарып қалған –Алексей Кудиенко есімді шымкенттік жігіт.

 Stan.kz.

 

Загрузка...

Комментирование закрыто.