24 февраля, 2019 Comments Off on Өзбекстанда туысқандардың бір-біріне үйленуіне тыйым салынбақ

Өзбекстанда туысқандардың бір-біріне үйленуіне тыйым салынбақ

Өзбекстанның Денсаулық сақтау министрлігі ағайынды адамдардың балаларын үйлендіруге тыйым салуды ұсынды. Егер бұл ұсыныс қоғам тарапынан қолдау тапса, отбасы кодексінің 16 бабына өзгеріс енеді. Бұл туралы Жас Алаш ФЕРГАНА NEWS сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

16 бапқа сәйкес қаны бір және немере бауырларға отбасын құруға рұқсат берілмейді. Өзбектер ықылымнан ет-жақын туыстарымен неке қиған. 2016 жылы Тәжікстанда заңмен ондай некеге тыйым салынды. Тәжік дәрігерлері ондай отбасылардан аурушаң балалардың өмірге келуі жиілеп кеткенін жеткізген. 2016 жылғы дерек бойынша туысқан адамдар құрған жанұяның 35 пайызында мүгедек сәбилер дүниеге келген. Өзбекстан болса бұндай мәлеметтерді ашық таратып отырған жоқ.

Фото: youtube.com

zhasalash.kz

Загрузка...

Комментирование закрыто.