Алматыда 12 жастағы баланың өлімі жайлы ағасы айтып берді. Жеткіншек оқ дыбысын отшашумен шатастырған, деп хабарлайды  Sputnik Қазақстан 

Оқиға 5 қаңтарда 20:30-да болды. Бала дүкенге анасымен, тәтесімен және ағасымен бірге шыққан. Олар ішке кіргізбегендіктен, азық-түлік дүкенінің жанында тұрған.

“Біраз уақыттан кейін атыс басталды. Сұлтан (қайтыс болған інісі) бұл отшашу деп ойлап қалып, оны телефонға түсірмек болды. Өстіп тұрғанда оқ желке тұсына тиді. Әуезов АІІБ шатырынан оқ атты.

Үлкендер көліктердің артына тығылып, ағасы Сұлтанға қарай жүгірмек болған анасын ұстап қалған. “Ол жерде шамамен 15 минут жатты, өйткені атыс кезінде жанына ешкім бара алмады. Содан кейін біз оны алып кеттік, бірақ оның жүрегі тоқтап қалған екен”, –  деді ағасы.

Туыстары полицияға арыз жазды.

Рубрика: