Аудандық сайлауалды штаб басшысы, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттығына үміткер Бейсқали Толқын Ермекқызы, штаб мүшелері және аудандық мәслихат депутаттығының бір топ үміткерлері Миялы ауылындағы көп балалы аналармен, қыз-келіншектермен кездесті.

Кездесуде «Nur Otan» партиясы мен Қызылқоға ауданының сайлауалды бағдарламасымен таныстырды. Сондай-ақ Партияның Сайлауалды бағдарламасында ұрпақ өрбіту бойынша денсаулығында дерті бар отбасыларға экстракорпоралды ұрықтандыру (ЭКҰ) шарасын жүргізуге жыл сайын 7 мың квота бөлінетіндгі айтылды.

Әрбір қалада және ауданда Отбасын қолдау, отбасылық дауларды шешу және балалары бар әйелдерге уақытша мекен-жай беру орталықтары ашылады.
Әйелдерді өкілдік етуші органдарға ұсыну үшін «Nur Otan» өзінің партиялық қатарына кем дегенде 30% әйелдерді қосады. Атқарушы, өкілді, сот органдары басшылығындағы және квазимемлекеттік сектордағы әйелдердің үлесі 30%-ке дейін ұлғаяды.

Атырау облысы,
Қызылқоға ауданы,

Рубрика: ,