АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]Өскеменде кемшіліктерді көшеде жүріп жырлайтын ерекше ақын пайда болды (ВИДЕО)[:]

[:kz]

Өскеменде кемшіліктерді көзбе-көз, оқиға орнына барып тұрып сынап айтатын ерекше ақын пайда болды, деп хабарлайды altaynews.kz.

Әлеуметтік желілерде өзін «Ақынкелді» деген атпен таныстырған Аян Қалымбек есімді жігіт бұдан былай қоғамдағы көзге ұрып тұрған кемшіліктерді осындай жолмен қалың көпшілікке жеткізгісі келетінін айтады.

Қолына домбыра ұстаған ол Өскемен вокзалына келіп, ғимараттың  ескі және сәнсіз екендігін айта келе перронның жоқтығын жырға қосып:

Өскемен шығыстағы гүлді  қала,

Ал мына вокзал болған  түрді қара.

Пойызға мінетұғын перроны жоқ,

Басшылар бір пайдалы іс тындыра ма?

Вагонның бигіне өрмелеген,

Қариялар жамбастарын сындыра ма?

Қойып қойған, орындық шелегі не?

Мұндай жерге туристер келеді ме?

Вокзал деген қаланың бет бейнесі,

Мұндай сорақылықтың себебі не?

 Жолаушы мен қонақтан ұят болды ау,

Басшылар құлақ салғын өлеңіме… деп жырлайды.

Ақынкелді алдағы уақытта да ғайыптан пайда болып айтып-айтып кететін әлеуметтік желілердегі шығармашылығын жалғастыра бермекші.

     qazaquni.kz

[:]