АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]Өскемен тұрғыны жас жігітті үйінде қамап ұстап, ыдыс жуғызып, пәтерін жинатқан[:]

[:kz]

Өскеменде ер адам тұрғын үйдің подъезінде бейтаныс адамды тонап, артынша оның ұрып-соғатынын айтып қорқытып, екі күні бойы өзімен бірге ішімдік ішіп, ыдыс жуып, пәтерін жинауға мәжбүрлеген.

Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі YK-news.kzбасылымына сілтеме жасап хабарлайды. 

Өскемен қалалық №2 сотының іс материалдарынан белгілі болғандай, бұған дейін сотталған ер адам ақпан айында дүкеннен ішімдік алып, үйіне келе жатқанда подъезде жас жігітті жолықтырған. Мас болған сотталушы оны қуып жібермек болыпты. Алайда артынша айнып қалып, оны күштеп өз пәтеріне алып барған. 

Ер адам жігітті ішімдік ішуге мәжбүрдеп, қонақжайлығы үшін алғыс ретінде ыдыс жуып, пәтерін жинауын талап етіпті. Артынша оның екі телефонын тартып алып, тағы да ішімдік алып келуге кеткен. Бұл кезде бейтаныс жігітті сыртынан құлыптап кетеді. Ер адам осы уақыт бойы айықпастан ішімдік ішкен. Тек үшінші тәулікте ғана жігітті босатыпты. 

Сотта айыпталушы адамды заңсыз бас бостандығынан айырғаны үшін 3 жылға бас бостандығын шектеу жазасына кесілді. Сонымен қатар айыппұл төлеуге міндеттелді. 

Сот шешімі әзірге заңды күшіне енген жоқ.

[:]