АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]Оралда белгілі кәсіпкерді өлтіріп кеткендер ұсталды: Олардың бизнесменге не себепті шабуыл жасағаны белгілі болды[:]

[:kz]

 

 

Орал қаласында белгілі кәсіпкерді пышақтап өлтірді деген күдікке ілінген екі адам ұсталды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Айта кетсек, 6 тамыз күні сағат 20:00 шамасында 48 жастағы Еркін Мұханғалиевті өлтіріп кетті. Ол пышақ жарақатынан оқиға орнында көз жұмды. Марқұм «Гульчатай» дәмханасы (бұрынғы «Астория» мейрамханасы) мен «Махаббат» мейрамханасының қожайыны болған.

Кісі өлтірді деген күдікпен 31 жастағы Руслан Қожантаев пен 21 жастағы Тұрлан Амангелдіге іздеу жарияланған болатын.

«Арнайы операция нәтижесінде күдіктілер ұсталды. Іс Қылмыстық кодекстің 99-бабы 2-бөлігіне қайта сараланды, онда 20 жылға дейін бас бостандығынан айыру немесе өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған. Іс министр Марат Ахметжановтың бақылауында», — деді ІІМ өкілдері.

БҚО полициясының мәліметінше, кісі өлтіруге тараптар арасындағы тұрмыстық жанжал себеп болған.

«Куәгерлердің айтуынша, кісі өлтіруге жалақының төленбеуіне байланысты туған тұрмыстық жанжал себеп болған. Күдіктінің уахабизм немесе басқа деструктивті діни ағымды ұстанатыны, сондай-ақ радикалды идеяларды таратқаны туралы ақпарат жоқ», — деп хабарлады полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Еске сала кетсек, Еркін Мұханғалиевтің мәйіті П.Атоян атындағы стадионның тұрағынан табылған. Кісі өлтіргеннен кейін күдіктілер 31 жастағы Руслан Қожантаев пен 21 жастағы Тұрлан Амангелді оқиға орнынан қашып кеткен. 

Оралдан шығатын және кіретін жолдарды полицейлер тексеріп, қылмыскерлерді ұстауға күш құрылымдары жұмылдырылды.

Сонымен қоса кәсіпкерді өлтірген сәттің видеосы тараған болатын. Кадрден кәсіпкердің екі жігітпен дәмханада сөйлесіп отырғанын көруге болады. Кенеттен жанжал басталып, жігіттердің бірі кәсіпкердің мойын тұсына бірнеше мәрте пышақ сұғып алады. Жарақат алған Еркін Мұханғалиев терезеден шығып үлгереді, бірақ олар оны қуып жетіп, көшеде тағы 15 рет пышақтаған. Кәсіпкер жедел жәрдем келгенше көз жұмды. 

[:]