Оралдағы автобуста жолаушы мен кондуктор жаға жыртысты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Оқиға 19 қаңтарда кешкі сағат 5-те болған көрінеді. Екі азаматтың төбелесі түсірілген видео әлеуметтік желіде таралды. Куәгерлердің сөзінше, жаға жыртыс Оралдың 22-бағытындағы автобустың ішінде орын алған. 

Бейнежазбада кондуктордың жолаушыны бірнеше рет соғып-соғып жібергені байқалады. 

“Кондуктор мен автобус жүргізушісі жолаушының тыйым салынған жерге тоқтауды талап еткендігі жайлы айтты. Тексеріс амалдары жүргізілуде”, – деді ПД қызметкерлері. 

22-бағыттағы автобус қарайтын “Батыс Қазақстан автобустар автопаркі” ЖШС басшыларының мәліметінше, жүргізуші мен кондукторға қатаң сөгіс жарияланыпты. Аталған іс бойынша ешкім шағым түсірмеген. 

 

 

Рубрика: