Оралда автобус салонындағы жанжал автобус аялдамасында жаппай төбелеске ұласты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Куәгерлер ер адамдарды оқиға орнына келген құқық қорғау органдарының қызметкерлері ажыратқанын түсірген. Сонымен қатар, қоғамдық тыныштықты бұзғандар біраз уақыт полиция қызметкерлеріне қарсылық көрсеткен.

 

БҚО полиция департаменті бұл оқиғаның 27 маусымда сағат 16.00 шамасында болғанын хабарлады. Автобус аялдамасының жанында бірнеше ер адам бұзақылық жасады. Автобус салонында болған 23 және 38 жастағы ер адамдар арасындағы жанжал төбелеске әкелді.

“Жанжал көшедегі төбелеске ұласты. Бес адам Абай полиция бөліміне жеткізілді. Төбелеске қатысушылардың екеуі мас күйінде болған. Оларды уақытша бейімдеу және детоксикация орталығына орналастырды”, – деп атап өтті полицейлер.

Айта кетейік, ер адамдар ешқандай жарақат жасамаған. Қазір оларды ұсақ бұзақылық үшін әкімшілік жауапкершілікке тарту туралы мәселе шешіліп жатыр.

 

Рубрика: ,