30 марта, 2019 Comments Off on Оның жүрегі – құлыпталған есік…

Оның жүрегі – құлыпталған есік…

 

 

Сенің бар-жоғыңды еш сезбейтін адамға ынтық болу бір азап... Оның жүрегі құлыпталған есік сияқты... Есікті қаға-қаға шаршайсың... Айғайлайсың, сұранасың, жалынасың... Еститінің тек тыныштық. Уақыт өте келе саған бұл есік ашылмайтынын түсінесің. Ол есіктің ар жағында саған орын жоқ. Кетпекке бел байлайсың. Ақырын басып баспалдаққа жақындайсың.

Баспалдаққа, бәлкім жаңа өмірге бастар баспалдақ па екен? Мүмкін ол жақта басқа есік ашылар. Міндетті түрде! Төмен қарай сылбыр басып жүре бастағаның сол еді, артыңдағы есік сықыр етіп ашылғанын естисің. Жалт бұрыласың. Бұрыласың да жалма-жан артқа жүгіресің.

Есіктің ар жағынан төгілген жарық өзіне шақырып тұрғандай. Үміт сыйлаған жарық!

Бірақ сенің алдыңда басқа біреудің көлеңкесі көлбеңдеп, ашық есікке кіріп кетеді. Сен жете бергенде есік тарс жабылады. Не болғанын түсіне алмай әлексің... Қайтадан сол есікті қағасың

. Тым-тырыс. Ал жауабы оп-оңай – есік саған ашылмайды. Осылай ондаған, жүздеген рет... Ал сен сол есіктің түбінде шоқиып отырғаның... Түк бітірмей... Кетем дегеніңді ұмыттың... 

– Кетем деген соң шешімді өзгертпе. Жаңа әлемге, жаңа үмітке есік аш! Артыңа қарама! Қарасаң қал дейтін бір себеп тауып аласың. Уақыт өлтіресің. Сен жаныңның теңізіне бейтаныстарды түсіресің, ал олар жүзе алмайды... Батып бара жатып сені кінәлайды. 

 

Қамшы» сілтейді

 

Загрузка...

Комментирование закрыто.