АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]»Оның мұндай қатыгез екеніне ешкім сенбейтін»: Түркістанда балаларын соққыға жыққан ер адамның әйелі мәлімдеме жасады[:]

[:kz]

 

Түркістан облысында балаларын аяусыз соққыға алған ер адамның әйелі видеоның қалай түсірілгенін айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі КТК арнасына сілтеме жасап.

Қорғансыз баланы ұрып-соққан видео желіге тарап, тергеуге себеп болды.  Видеода болып жатқан оқиғалар мен оны түсірген адамның қатыгез әкені тоқтатуға тырыспағаны қазақстандықтарды қатты таң қалдырды.

Әйел күйеуіне қарсы шыға алмағанын айтты. Ол бейнежазбаны өзі жариялаған.

30 жастағы әйел күйеуімді тоқтата алмадым дейді. Ол тоғыз жылдан бері күйеуінің таяғын жеуден және балаларды ұрып-соғып жатқанды көруден шаршадым дейді.  Әйелдің үш ұлы бар. Олар үш, жеті және тоғыз жаста.  

«Мен балалардың жылағанын естідім.  Жүгіріп барып, тоқтатпақ болдым, бірақ ол мені тұншықтыра бастады.  Содан кейін мен видео түсіріп, бәрін көрсетуге бел будым.  Оның мұндай аяусыз екеніне ешкім сенбеді», — дейді келіншек.

Ер адам ешқашан жұмыс істемеген болып шықты. Осылайша ол баласы мен әйелін тәрбиелейтін көрінеді.

«Балаларды солай тәрбиелеймін деп ойлайды. Әйелі бірнеше рет полицияға арыз жазған. Бірақ кешірім сұрап татуласты. Ол қатты қызғаншақ. Оған қоса, ішімдікке салынған. Бірнеше рет емдеп те көрген болатын. Бірақ ол бір айдан кейін қайта ішіп кетеді», — дейді туыстары Замира Жолдасова.

Таяқ жеген әйел полицияға бірнеше рет хат жазған.  Бірақ туыстарының сендіруінен және күйеуінің бұдан былай ондай болмаймын деген уәдесінен кейін ол кешірім берген. Видео жарияланғаннан кейін ғана полиция қылмыстық іс қозғады.  

«Анда-санда айқайлар естілетін, бірақ үйде шын мәнінде не болып жатқанын білмейтінбіз.  Мен әрқашан бұл балалар ойнап, айқайлап жатыр деп ойлайтынмын. Бірақ кеше біз желіде тараған бейнежазбаны көріп, біздің көршілеріміз екенін түсіндік.  Мен кейде отағасының мас болғанын көретінмін», — дейді зардап шеккендердің көршісі Ержан Бекжанов.

Еске салсақ, Түркістан облысында балаларын аяусыз ұрып соғып жатқан ер азаматтың әрекетті жұртты шошытты. Балалардың анасы шағым түсіріп, ер адамның қамауға алынғаны белгілі болған. 

[:]