АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]Оңтүстік Кореядағы отандасамызды сондағы қазақтар аяусыз ұрып кеткен[:]

[:kz]

Диас Мырзалы есімді азамат Оңтүстік Кореяда ауруханадан шыға алмай жатыр. Сәуірдің 19-ы күні оны өлімші етіп сабап, пышақтап кеткен. Ауруханадан шығу үшін отандасымыз клиникаға емделгені үшін 5 миллион теңгедей қарызды төлеуі керек. Диасты сол Оңтүстік Кореяда заңсыз жүрген қазақстандық азаматтар пышақтап кеткен. Қазір осы іске қатысты 19 азаматтың барлығы ұсталған. Тергеп-тексеру амалдары жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі «31 арнаға» сілтеме жасап.

Кореялық полицейлер Қазақстандағы әріптестеріне қарағанда ашық жұмыс істейді. Резонанс істің видеосы желіге бірден таралды, бірақ мұнда кімнің кімді сабап түсіну қиын. Осы төбелестен кейін өлім ауызынан әрен аман қалған Диас Мырзалы жанжалдан сәл бұрын шаштараздан шығып, көлігінде отырған екен. 

«Қазақстан мемлекетігің азаматтары мені пышақтап кеткен еді. Сол себептен мен ауруханаға жаттым, аяғыма ота жасалды. Аяғымдағы күре тамыр үзіліп, нервқа тиіп кеткен», — дейді Диас.

Кореялық журналистер таратқан видеолар мен өзге де жазбаларды зерделеп көрдік. Жалғыз тұрған ақ көлікте Диас Мырзалы отырған, айналдырған бірнеше секундтар ішінде оның көлігін белгісіз көліктер қоршап алған. Белгісіз адамдар Диасты көлігінен шығарып, жабылып сабай жөнелген. Тіпті, біреуі санына пышақ салыпты. Күдіктілер оқиға орнынан бірден қашып кеткен. Қансырап жаатқан Диасқа жедел жәрдемді сол жерде тұрған куәгерлер шақырыпты, бірақ ізін жасырып, қашқандар ұсталып, қамауға алынды. 

«Иммиграционный службаның түрмесінде жатыр барлығы» , — дейді Диас.

Диас өзін соққыға жығып кеткен азаматтарды сырттай танығаны болмаса, ешқайсысымен жақын араласпағанын айтты. Оның сөзінше, ол бір бүгін бұрын өзіне қатысы жоқ басқа жанжалдың құрбаны болып отыр. Бір ажалдан қалған Диас қазір ауруханаға он бір миллион вон немесе бес миллион теңе қарыз. Қарыз қайтарылмаса, оны бұл жерден ешкім шығармайды. Отбасының жалғыз асыраушысы мұндай көлемдегі ақшаны қайдан табарын білмейді 

«Бұл мемлекетке келу оңай болғанымен, бұл жерде өмір сүру, жұмыс жасау өте қиын болады, сондықтан ойланып келіңіздер», — дейді Диас.

Ал, Қазақстанның СІМ Диастың ем — домына ешқандай көмек көрсете алмайтынын, тек елге қайтуына ғана жәрдем бере алатынын айтты. 

[:]