АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]Омбы Ресей астанасы болуы мүмкін: бізге төнер қауіп бар ма?[:]

[:kz]

 

 

Ресей астанасын ауыстырған жағдайда, Омбы қаласына немесе Екатеринбургке қарай жылжуы мүмкін дейді сарапшылар.

Ресей өз астанасын Омбыға ауыстыруы мүмкін. Бұл жайында Ресейлік сарапшылар сөз қозғауда, деп жазды bugin.kz.

Олардың айтуы бойынша бұл Ресейдің алдағы уақытта ыдырауына қарсы жасалған әрекет болмақ. Ресейдің батысы мен оңтүстік батысы дамып жатса, Қиыр Шығыс пен солтүстік бөлігі бір қалыпта, кей өңірлері құлдырау үстінде. Ресейдің шығысындағы Қытай ықпалы артып келеді. Жапония Куриль аралдарына көз алартып отыр. Осының бәрін сақтап, қауіптің алдын алу үшін, Ресей өз астанасын ауыстыру керек дейді.

Ресей астанасын ауыстырған жағдайда, Омбы қаласына немесе Екатеринбургке қарай жылжуы мүмкін дейді сарапшылар. Омбыда орын тепкені біз үшін қолайсыз болмақ. Әрине, Қазақстан шекарасынан таяқ тастам жерде жатқан Омбының рөлі артып, ол өз кезегінде солтүстік аймағымыздағы орыстану процесін қайта іске қосуы ғажап емес. «Орыс әлемі» атты идеологияның да, «Өлмес полктің» де күші мен қарқыны еселеп артып кетпек.

 

Ресей астанасы Омбыдан орын тепсе, солтүстігімізге сепаратистік көзқарас себуге немесе Қырым мен Донбасс сценарийімен қорқытуға тырысатындар саны еселеп артары анық. Алайда, Ресейдің «астана ауыстырамыз» деуі жай ғана саяси өтірік ақпарат сияқты. Себебі астана ауыстыру қазіргі жағдайда Ресей үшін тым қымбатқа түспек, оның үстіне бұл процесс Қиыр Шығыстағы Қытайдың экономикалық және демографиялық экспансиясын тоқтата қоймас. Өйткені Қытайға экспансия жасауға мүмкіндік беріп отырған астананың алыста орналасуы емес, астанадағы тұлғалардың Бейжің ықпалына жығылуы ғой. Ресей халқы мұны жақсы түсініп отыр.

sn.kz

 

[:]