АЛТЫНОРДА
Cпорт жаңалықтары

[:kz]“Өлсең де жеңуге тиіссің”: “Дикий” Арман қазақ боксшысының намысын қайрады[:]

[:kz]

Сербия астанасы Белград қаласында өтіп жатқан әлем чемпионатының арнайы қонақтарының қатарында жүрген атышулы “Дикий” Арман деген лақап атпен танымал Арман Жұмагелдиевтің қазақ боксшыларын жігерлендіріп жүрген видеосы тарады, деп хабарлайды Express Qazaqstan.

Ол 71 келіге дейін салмақта жұдырықтасқан Асланбек Шымбергеновті жекпе-жек алдында жігерлендіріп, намысын қайраған.

Өзіңді көрсет, Соңына дейін жұдырықтас. Өлсең де намысты берме! Чемпионсың ғой. Арнайы сендер үшін келдім,

— дейді Арман.

Айта кетейік, Асланбек Шымбергенов бүгін алғашқы кездесуінде Ираннан келген Фархад Моради Аташгахтың осал тұсын тапты. Кездесу бірінші раундта аяқталды. Өйткені қарсыласы жарақат алып, жекпе-жекті әрі қарай жалғастыра алмады.

Енді Асланбек Шымбергенов өзбекстандық әлем чемпионы Шахрам Гиясовпен кездеседі. Қарсыласы 2016 жылы Рио Олимпиадасында күміс медаль алған.

Бұған дейін оның атақты АҚШ боксшысы Рой Джонсты қазақша сөйлеткен видеосы тараған болатын.

[:]