АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

Өлсе де тыныштық бермеді: мистика немесе кездейсоқтық

[:kz]

Бұл тақырыптың бас кейіпкері – британиялық майор Уолтер Саммерфорд. Оның басынан өте сирек кездесетін жағдайлар өткен. Ол Фландриядағы әскери толқулар уақытында ат үстінде жүрген кезінде алғаш рет найзағай соққысын алады.

Әскери қызметкерге бұл соққы оңай болмады. Денесі белден төмен жұмыс жасамай қалған Саммерфорд әскери қызметін аяқтады да, Канада-Ванкуверге кетіп қалды.

Арада 6 жыл өткенде…

1924 жылы отставкадағы майор жағада балық аулап отырған сәтінде тағы да келеңсіздік орын алады. Майордың жанындағы ағашқа найзағай түсіп, Саммерфорд зардап шегеді.

Майор екінші найзағай соққысынан денесінің оң жақ бөлігі жансызданып, әрең қалыпқа келеді. Араға екі жыл салып, Уолтер аяққа тұруға талпына бастады. Күнделікті жаттығу арқылы майор үй мен саябақ арасындағы жолды жүріп өтуге дағдыланды. Екі рет дарымағанына намыстанған найзағай оны жайына қалдырмады.

Арада тағы да алты жыл өткенде, 1930 жылы жасын оты оған қайта айналып соқты. Үшінші рет соққы алған майордың денесі түгелдей істен шығып, біршама уақыт өткеннен кейін дүниеден озды.

 

Найзағай оны тағы іздеді…

Саммерфордтың ерекше тарихына өлімі нүкте қоймады. Оның жерлеу рәсімінен төрт жыл өткеннен кейін майордың көктасына найзағай қайта айналып соқты. Майор тарихы сол уақытта үлкен танымалдылыққа ие болды. Енді ше, найзағай бір адамды тірісінде үш рет, өлгеннен кейін тағы бір рет іздеп келсе?!

Тағы бір ұқсас жағдай!

Бұл типтес жағдай тарихта жалғыз емес. 1899 жылы италиялық азамат найзағай соққысынан қайтыс болады. Арада 30 жыл өткенде оның баласы дәл сол жерде жай түсіп, жер жастанады. Ал 1949 жылы оның немересі де жасын отының әсерінен о дүниеге аттанған.

Таң қалмасыңа шара жоқ…

«Қамшы» сілтейді

[:]