Франциялық спортшы Морхад Амдуни Токио Олимпиадасындағы марафонда ерсі әрекетімен көзге түсті. Марафоншы жүгіріп келе жатып, су құйылған шөлмектерді әдейі құлатып, өзіне соңғысын алып кетті.

 

Камераға түсіп қалған оқиға әлеуметтік желіде тез тарап кетті. 30 градус ыстық пен 80 пайыз ылғалдықта марафоншылардың төрттен бірі жарысты жалғастыра алмады. Өйткені әрбір спортшының гидратация деңгейі спорттық көрсеткіште шешуші болды.

 

“Шұғыл жаңалықтар! “Токио Олимпиадасындағы басты есек категориясында алтын жүлдені” марафоншы Морхад Амдуни жеңіп алды. Ол қарсыластарына арналған суды қасақана жерге құлатты… Адам сенгісіз!”, – дейді британиялық тележүргізуші Пирс Морган.

 

 

 

kaz.vesti.kz

Рубрика: