АЛТЫНОРДА
Спорт

[:kz]»Олимпиададағы боксшылар сәтсіздігіне пандемия әсер етті»: Қазақстанның бокс федерациясы мәлімдеме жасады[:]

[:kz]

 

Қазақстан бокс федерациясының атқарушы директоры Мықтыбек Маратбек қазақстандық боксшылардың Олимпиададағы сәтсіздігі жайлы айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

«Өздеріңіз білесіздер, олимпиадалық жарыстарды боксшыларымыз сәтсіз бастады. Олардың дайындалуы үшін Спорт министрлігі мен Ұлттық Олимпиада комитеті тарапынан материалдық жағынан, жабдық жағынан бәрі жасалды. Өкінішке қарай, пандемия өз әсерін тигізуде. Спортшылар үйде оқшаулауда отырды, жабық базаларда дайындалды. Шетелдерге шыққанда жарысқа дейін 4-5 күн карантинде отырған кездері болды. Бұл әсерін тигізбей қоймады деп ойлаймын. Сондықтан, оларды сынай беруге де болмайды. Әлі де болса, екінші топ спортшыларымыз ойын көрсетеді, солардан жақсы нәтиже күтеміз», – дейді ол. 

 

Еске салайық, Токиодағы Олимпиада ойындарында Қазақстан құрамасы спорттың 28 түрінен 97 жолдама алған еді. Қазіргі күні Қазақстан қоржынында үш қола медаль бар. Оларды дзюдошы Елдос Сметов және ауыр атлеттер Игорь Сон мен Зульфия Чиншанло жеңіп алды.

Бұған дейін Олимпиада чемпиондары Данияр Елеусінов пен Серік Сәпиев Токиодағы боксшылардың жеңілісі жайлы пікір білдірген еді. 

[:]