16 сентября, 2019 Comments Off on “Олар не кеңес айтады” Досхан Жолжақсынов әкімнің кеңесшісі болған Мейрамбек Бесбаев пен Қыдырәлі Болмановты сынады

“Олар не кеңес айтады” Досхан Жолжақсынов әкімнің кеңесшісі болған Мейрамбек Бесбаев пен Қыдырәлі Болмановты сынады

Досхан Жолжақсынов жақында Алматы әкімінің кеңесшісі атанған өнер жұлдыздарын сынға алды. Айтуынша, бұл биліктің осалдығы.

Бұл туралы "Уақыт көрсетеді" бағдарламасында айтылды.

Жақында Мейрамбек Бесбаев Алматы әкімінің кеңесшісі, Қыдырәлі Болманов мәдениет және спорт министрінің кеңесшісі болды.

Актер Досхан Жолжақсынов бұл биліктің осалдығы дейді. 

"Олар не кеңес айтады? Нені өзгертеді? Бұл биліктің осалдығы. Не туралы кеңес беруге болады? Мәдениет министрлігі бар. Оның бүкіл аппараты отырады. Олар неге отыр? Бұл олардың қолынан келмей ме? Әкімдікте де мәдениет департаменті бар, неге білімді азаматтар бармайды? Күлкің келетін дүние ғой, күлдік те қойдық", - дейді актер.

 

https://stan.kz/olar-ne-kenes-aytadi-doshan-zholzhaksinov-akimnin-kenesshisi-bolgan-meyrambek-besbaev-pen-kidirali-bolmanovti-sinadi-322002/

 

Загрузка...

Комментирование закрыто.