09 января, 2019 Comments Off on Ойланып тұратын уақыт болған жоқ: Алматылық полицей 6 адамды құтқарып қалды

Ойланып тұратын уақыт болған жоқ: Алматылық полицей 6 адамды құтқарып қалды

Кезекшілікке түскен полиция қызметкері, полиция сержанты Әлімқыдыр Әділет бірнеше адамды аман алып қалды, деп хабарлайды Stan.kz.Кезекшілікке түскен сержант өз аймағын бақылап жүргенде оған азаматтар үйдің өртеніп жатқанын айтқан.

“Полицей рация арқылы серіктесіне хабарлап, өзі өртеніп жатқан үйге жүгіріп  жетеді. Көршілерінен үй ішінде адам барын естиді. Бұл кезде өрт сөндірушілер әлі жолда келе жатқан. Полиция сержанты көп ойланбастан үй ішіне кіріп, ессіз жатқан ер адамды көреді. Оны көшеге алып шығады. Ер адам мас күйінде жатқаны анықталды.  Полицей осыдан соң үйден екі немересі мен әжейді үйден алып шықты. Үй екіге бөлінген. Екінші бетте де адамдар болды. Үйдің келесі бетіне өтіп, есікті қағады. Үй ішіндегі адамдар шатырдың жанып жатқанын бұл уақытта білмеген екен. Полицей адамдарды сыртқа шығарып үлгерді. Серіктесі Мұсахан Ардақ пен сержант Тастан Асқар аймақты күзетіп, адамдарды бақылап тұрды.

Бұл туралы Алматы қаласы Метрополитендегі полиция басқармасының басшысы, полиция полковнигі Тимур Өсекбаев мәлімдеді.

Осылайша полиция сержанты Әлімқыдыр Әділет азаматтарды қорғау жөніндегі қызметін қалқысыз атқарып, сонымен қатар қоғамдық тәртіпті бақылап, дер кезінде шешім қабылдай алды. Жалғыз болғанына қарамастан ерлік көрсетіп, адамдарға төнген қауіптен құтқарды.

http://stan.kz/

Загрузка...

Комментирование закрыто.