15 мая, 2019 Comments Off on «Нысана» театры халықтан кешірім сұрады

«Нысана» театры халықтан кешірім сұрады

«Нысана» театры «Астарлы ақиқат» бағдарламасында қатаң сынға ұшырады, деп хабарлайды Stan.kz тілшісі.

Мұғалімдерге аяқтың арасынан қараған «Нысана» театры әзілдейміз деп сынға ұшырады. Ақыры соңында болашақ ұрпақты тәрбиелеп жатқан осылар, әзілдерін тек жындыханада көруге болады, деп театрдың еңбегін жоққа шығарды жұрт.

«Бұрын жайдарман ойнап жүргенде тым жақсы балалар еді. Кейін театрға кетті. Бұл жағын Әбунасыр мырзадан сұрау керек», - дейді Есен Елеукен.

Анайы әзілдерімен әбден ұятқа қалған театр жайлы Жомарт Зейнәбіл де пікір білдірді.

«Нысынаға «Нысана» театры ілінді», - дейді актер Жомарт Зейнәбіл.

Халыққа бес жігіт болса соның бірі міндетті түрде әйел болып ойнайтын театрлардың көпшілігі ұнамайтын көрінеді. Қателіктерін мойындаған «Нысана» театрының мүшелері халықтан кешірім сұрады.

Stan.kz




Загрузка...

Комментирование закрыто.