Белгілі экс-депутат Нұржан Әлтаев «соңында демеуші ретінде» кім тұрғанын жеткізді. Бұл туралы ол Нартай Аралбаймен сұхбат барысында айтты.

Журналистің «Нұржан Әлтаевтың артында кім тұр?» – деген сауалына экс-депутат өз жауабын берді.

– Бұл сұрақты өте көп қояды маған. Мен оның бәрін оқыдым. Ол жерде тек қана ол емес. Бір Telegram каналдан оқыдым: «Менің артымда Америка Құрама Штаттары тұр» – дейді.  Екінші, Telegram каналдан оқыдым: «Менің артымда Кремль, Мәскеу тұр екен».  Үшінші болжау бойынша: «Менің артымда Украина тұр екен».  Украинаның Қазақстанға не қатысы бар.

Тамыз айында мен Украинаға барып Саакашвили мырзамен кездескенім бар. Осыдан кейін сондай «выводтар» жасаған шығар. Тағы біреуі Марғұлан Сейсембай немесе тағы басқа олигархтар тұр дейді – дегендей болжамдар бар. Айтып өтейін менің артымда тек халықтың белсенділері, халықтан шыққан азаматтар тұр, одан басқа ешкім жоқ. Ол енді қарапайым ауылдан шыққан, қаладағы фермерлер, көпбалалы аналар, шағын-шағын кәсіпкерлер бар. Интеллигенция, журналистер де бар.

Сондықтан бұл жерде олигархтар, басқа мемлекет тұр деп айтуға болмайды. Бірақ оны сөзбен айтып ешкімді сендіре алмайсың. Мен ойлаймын өзімнің ісіммен ғана, өзімнің жұмысыммен ғана көрсете аламын – дейді Нұржан Әлтаев.

Рубрика: