АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]Нұрлан Қоянбаевтың президенттікке кандидатурасын ұсынғаны рас па?[:]

[:kz]

Қазақстандық КВН-ші, шоумен және продюсер Нұрлан Қоянбаев Қазақстан президентінің кезектен тыс сайлауына өз кандидатурасын ұсынуға ниетті. Бұл туралы yvision.kz блог-платформасындағы kay_zz атты автор мәлімдеді деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Орталық сайлау комиссиясына сілтеме берген автор «КВН одағы» республикалық жастар қоғамдық бірлестігі алдағы сайлауға өз үміткерлері ретінде Нұрлан Қоянбаевты ұсынғанын айтты.

Оның сөзінше, Қоянбаевтың командасы мемлекеттік қызметтегі бес жылдық жұмыс өтілі туралы заңды талапты қалай айналып өту керектігін де ойлап тауыпты.

Алайда, бұл қалай жүзеге асатыны әзірге белгісіз.

Айта кетейік, күні кеше Украиндағы президент сайлауының екінші кезең қорытындысы бойынша шоумен Владимир Зеленский көш бастады.

Ал Қазақстанда кезектен тыс президент сайлауы 9 маусым күні өтеді.

 

 

[:]