АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]Нұрлан Әлімжанов мәжіліс депутаты атанбақшы[:]

[:kz]

Нұрлан Әлімжанов мәжіліс депутаты атанбақшы

Қазақстандық танымал актер, әнші, композитор әрі тележүргізуші Нұрлан Әлімжанов мәжіліс депутаты болады деп хабарлайды Nur Otan партиясының Twitter парақшасына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

 

«Партия Лидері Н.Ә. Назарбаевтың төрағалығымен өткен Саяси кеңес Бюросының отырысында «Nur Otan»-ның партиялық тізімі бойынша Г.Н.Әбдіқалықоваға, Н.Б.Әлімжановқа, Н.К.Әшімбетовке және Ж.Қ.Омарбековаға Парламент Мәжілісі депутаттарының мандаттарын беру туралы шешім қабылданды», — делінген партия хабарламасында.

Айта кетерлігі, Нұрлан Әлімжанов 2013 жылы «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» атағын алды.

Марапатты Елбасының өзі табыстады.

 

Nur Otan@Nur_Otan

В ходе заседания Бюро Политического совета под председательством Лидера партии Н.А. Назарбаева принято решение о передаче мандатов депутатов Мажилиса Парламента по партийному списку «Nur Otan» Г.Н.Абдыкаликовой, Н.Б.Алимжанову, Н.К.Ашимбетову и Ж.К.Омарбековой.

 
 

[:]