ҚАЗАҚТАР РЕСЕЙГЕ ҚАРСЫ СОҒЫСҚА ҚАТЫСА МА?
Соғыс Украинаны бірлігін нығайта түсті. Отанды қорғау деген ҰЛЫ МҰРАТ украиналықтарды рухтандырып тұр. Сот үкімінен қашып жүрген қылмыскер, қаңғыбас бомждарға дейін Отан үшін шайқасқа түсті деп хабарлайды kznews.kz

Бомждар молотова коктелін даярлау үшін бөтелке теріп жәрдем беруде. Киев билігі соғысамын деген қарапайым тұрғындарға он мың автомат таратып үлгерді. Бұл деген не? Биліктің өз халқына деген сенімі. Бір-біріне сенген билік пен халық жауды жеңбей қоймайды.
Владимир Зеленсикий интернационалды легион жасақталатынын мәлімдеді. Бұл өзге елде Ресей басқыншыларына қарсы соғысады деген сөз. Д. Дудаевтың жолын ұстанған шешендер о баста дайын отырған. Грузиндер де көмекке баратыны сөзсіз. Балтық елдері мен польшалықтар да ата жауларымен қуана-қуана соғысады.
Қалай ойлайсыздар қазақтар Ресейге қарсы соғысуға бара ма? Ел ерсіз болмайды деуші еді.

Журналист Қанат Тілеуханның жазбасының астына әнші Нұрлан Албан: «Егер бізге рұқсат берсе, мен барам! Ресейге қарсы соғысқа!» деген пікір қалдырды.

Рубрика: