Полицейлердің мәліметінше, куәгерлер 25 желтоқсанда түнгі сағат 3-те белгісіз ер адамның Бейбітшілік көшесіндегі жылы аялдаманы қиратайын деп жатқанын хабарлаған.

Нұр-Сұлтанда жалаңаш ер адам жылы аялдаманы қиратпақ болған, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы, елордалық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Полицейлердің мәліметінше, куәгерлер 25 желтоқсанда түнгі сағат 3-те белгісіз ер адамның Бейбітшілік көшесіндегі жылы аялдаманы қиратайын деп жатқанын хабарлаған. 

“Полиция қызметкерлері оқиға орнына келгенде, қоғамдық тәртіпті бұзып жатқан ер адамды көрген. Ол киімін шешіп тастап, аялдаманы қиратпақ болған. Полицейлер оны ұстамақ болғанда, ол қарсылық көрсетіп, қорқытпақшы болады. Бірнеше минут ішінде полицейлер оны ұстады”, – делінген хабарламада.

 
 

Рубрика: