АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]Нұр-Сұлтанда қарудың дыбысы шықты: ҚР Қорғаныс министрлігі түсініктеме берді (ВИДЕО)[:]

[:kz]

Әлеуметтік желілерде, әсіресе, Whatsapp мессенджері арқылы Қазақ елі монументі жақта қарудың атылып жатқаны туралы видео тарап кеткен болатын.
 

Елордадағы Тәуелсіздік алаңында Президентті ұлықтау рәсіміне дайындық жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Еске сала кетсек, ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың ант беру күні (ҚР Президентін ұлықтау рәсімі) 2019 жылғы 12 маусымға белгіленгенін бұған дейін хабарлаған болатынбыз.

Әлеуметтік желілерде, әсіресе Whatsapp мессенджері арқылы Қазақ елі монументі жақта қарудың атылып жатқаны туралы видео тарап кеткен болатын. ҚР Қорғаныс министрлігі бұл видеоға қатысты Президентті ұлықтау рәсіміне дайындық жүргізіліп жатқанын хабардар етті.

«Whatsapp-тан тараған видеоға қатысты алаңдаудың негізі жоқ.Президентті ұлықтау рәсіміне кең ауқымды дайындық жұмыстары жүргізіліп жатыр. Шарада сапқа тізілген сарбаздар салтанат көрсететін болады», — деп хабарлайды министрліктің баспасөз қызметінен.

sn.kz

[:]