АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларынан Түркістанға авиарейстер ашылды[:]

[:kz]

 

 

Сонымен, бүгіннен бастап «Fly Arystan» әуе компаниясы жоғарыда көрсетілген бағыттар бойынша билеттерді сатуды бастады.

Нұр-Сұлтан мен Алматыдан Түркістан қаласының жаңа әуежайына рейстер ашылды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы inform.kz-ке сілтеме жасап. 

«ҚР ИИДМ Азаматтық авиация комитеті Түркістан қаласының әуежайына тұрақты рейстер ашу бойынша жұмыс жүргізуде. Бастапқы кезеңде Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларынан Түркістанға күн сайын рейстер орындау жоспарланып отыр. Рейстерді «Fly Arystan«, «SCAT« және «Qazaq Air« сынды қазақстандық 3 компания орындайды», — делінген Азаматтық авиация комитетінің ақпаратында.

Сонымен, бүгіннен бастап «Fly Arystan» әуе компаниясы жоғарыда көрсетілген бағыттар бойынша билеттерді сатуды бастады.

«Fly Arystan» рейстеріне билет бағасы Нұр-Сұлтан және Түркістан қалалары арасында 6999 теңгеден және Алматы мен Түркістан қалалары арасында 5999 теңгеден басталады.Нұр-Сұлтан – Түркістан – Нұр-Сұлтан бағыты бойынша алғашқы рейс 2020 жылдың 1 желтоқсанында орындалады.

[:]