АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:ru]Нұр-Сұлтан қаласында үш автобус соқтығысты: қаза тапқандар бар — видео Әрі қарай оқу: https://sputniknews.kz/incidents/20190326/9668624/nur-sultan-avtobus-apaty-video.html[:kz]Нұр-Сұлтан қаласында үш автобус соқтығысты: қаза тапқандар бар — видео [:en]Нұр-Сұлтан қаласында үш автобус соқтығысты: қаза тапқандар бар — видео Әрі қарай оқу: https://sputniknews.kz/incidents/20190326/9668624/nur-sultan-avtobus-apaty-video.html[:]

[:kz]

Нұр-Сұлтан әкімі Бақыт Сұлтанов Ұлы дала көшесі мен Қабанбай батыр даңғылы қиылысында болған ірі жол апаты орнында

Жол апаты салдарынан қоғамдық көліктің жүргізушісі мен бір жолаушысы қаза тапқан

Нұр-Сұлтан қаласында үш автобустың қатысуымен ірі жол апаты болды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Полиция хабарлағандай, 26 наурыз күні Ұлы Дала көшесі мен Қабанбай батыр даңғылы қиылысында қала маңына қатынайтын №303 автобус пен №12 бағдарлы автобус соқтығысқан. Кейін оларға №53 қоғамдық көлік пен жедел жәрдем көлігі соғылды.

«Жол апаты салдарынан №303 автобустың жүргізуішісі мен бір жолаушысы қаза тапты», — деп мәлімет берді полиция департаменті.

Қазір полицейлер оқиға орнында жұмыс істеп жатыр, көлік апатының мән-жайы анықталуда.

Әлеуметтік желіде жол апаты болған сәтте түсірілген жантүршігерлік видео жарияланды.

Елордада болған жантүршігерлік жол апаты орнына қала әкімі Бақыт Сұлтанов та барды.

 
 
 
 

 

[:]