АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]»Нұр Отансыз» бұл өмір — өмір емес!»: Балтабек Нұрғалиев тағы «атойлады» (ВИДЕО)[:]

[:kz]

 

 

«Бұл өлеңім басым пайызбен жеңіске жеткен партиямыздың құрметіне арналды!» — деп бастаған кіріспесін автор. Одан әрі…

Белгілі одашы Балтабек Нұрғалиев Nur Otan партиясының Мәжіліс сайлауында «басым дауыспен жеңіске жеткен» құрметіне орай 4 шумақ арнау жазып тастады, деп хабарлады paryz.kz.

«Бұл өлеңім басым пайызбен жеңіске жеткен партиямыздың құрметіне арналды!» — деп бастаған кіріспесін автор. Одан әрі:

«Әділдік бар!

Өмірде әділдік бар!

Әділдікті әрдайым жаным құптар!

Сайлау өтті мінекей, әділ жолмен,

Көңілінен халықтың табылдық бар!

 

Жетті, міне, жеңіске «Нұр Отаным»,

Нұр Отанның жеңісін ұнатамын!

Ұранымыз мерейлі: «Біз біргеміз!»,

Баласындай елміз ғой бір атаның!

 

Нұр Отанмен жүрегім бірге менің,

Нұр Отанның арқасы гүлдегенім,

Нұр Отанның жеңісі — ел жеңісі,

Тәуелсіздік жеңісі бұл дегенім!

 

Нұр Отанның жеңісі тегін емес,

Ел сенімін арқалау жеңіл емес!

Құтты болсын жеңісің, халқым менің,

Нұр Отансыз бұл өмір — өмір емес!!!

Құрметпен, Балтабек Нұрғалиев», — деп бір-ақ тоқтаған.

Ақынның бұл «рухты жырына» оқырмандары да «риза». Олардың көбі «Шап, Балташ! Осы бетіңнен тайма!», «Әп, бәрекелді! Сенсіз оқитын ештеңе болмай, іш пысып жүр еді. Жиі жазып тұршы», «Бәсе! Балтекең неге үнсіз жатыр десем…», «Өрімі келіскен, ойы нақ, халықтың жүрегінен жұлып алғандай жыр екен!» деп «қолпаштап», бір жасасып қалды.

 

 

 
 
 

 

[:]