Ақмола облысы Симферополь ауылында Вячеслав БЕЛОВ есімді азамат із-түссіз жоғалды. Құзырлы мекеме қызметкерлері мен ауыл тұрғындарының іздестіру жұмыстарын жүргізгеніне бүгін тоғызыншы күн. Вячеславтың амандығынан күдерін үзбеген жақын туыстары көрген-білген жандар болса хабарласуын сұрап отыр. 

Вячеслав Белов 23 жаста. Үйдің жалғыз баласы. Анасы екі ай бұрын инсульттан көз жұмған. Нағашы апасының қолында тұрады. Көз жанары дұрыс көрмегендіктен туғанынан үшінші топтағы мүгедек. Соңғы рет жақындары Вячеславты 27 ші Наурыз күні көрген. Сол күні кешкі сегіздер шамасында үйден шыққан жігіт  қайта оралмаған.

«Достарына кеткен шығар деп түнде іздеген жоқпыз. Таңертең үйге оралмағасын алаңдай бастамдым. Қайта-қайта телефон шалғанымда алмады. Кешкі сағат бестер шамасында телефоны өшірулі болды», – дейді жоғалған азаматтың нағашысы Валентина ЛИШНЯК.

Жаңа қаулы бойынша жоғалған адамды құзырлы мекеме қызметкерлері 1 жарым тәуліктен кейін іздейтінін білмей қалдым дейді нағашы апасы. Полицияға тек екі күннен кейін хабарласыпты.

«Бүгін тоғызыншы күн. Әлі табылмады. 8 бірлік техника жұмылдырылды. Зеренді ауданының ішкі істер бөлімі мен Ақмола облысының төтенше жағдайлар қызметкерлері іздеп жатыр», – дейді Симферополь ауылдық округнінің әкімі Жадай ӘБУТӘЛІПОВ.

Сондай-ақ, ауыл әкімі мен ерікті 50 азамат жоғалған жігітті іздеп, дамыл таппаған. Кинологтар да осы төңіректі шарлап жүр. Айналасын орман қоршаған ауылды бірнеше рет сүзіп өткен олар үшті-күйлі жоғалған азаматты таба алмай жатыр.

Спутник Вячеславтың ұялы телефоны осы ауылда екенін көрсеткен.  Бірақ нақты қай тұста жатқанын белгілеу мүмкін болмапты. Сол күні үстіне қара куртка, қара шалбар және ірзеңке етік киіп шықты деген Вячеславтың жақындары көрген білген жан болса, хабар беруін сұрап отыр.

Фотолар автордікі.

Жас Алаш

 

Рубрика: