АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]«Некесіз балам жоқ» — Қыдырәлі Қарақаттың сөзін жоққа шығарды (видео)[:]

[:kz]

Белгілі әнші, продюсер Қыдырәлі Болманов бірінші некесі болмағанын хабарлады. Бұл туралы ол «Ең алғашқы» бағдарламасында айтты.

— Мен үйленген жоқпын. Жатақханада қыздар менің бөлмеме көп келетін. Көп қыздар мені жақсы көретін. Ол кезде үйленем деген ой да жоқ. Сөйтіп жүріп бір қыз жиі келіп жүретін болды. Бөлмені сүртіп, тазалап жүретін. Сөйтіп ол қыз білдіртпей жүріп мені өзіне жақын етіп алды. Менде оған махаббат та болған жоқ. Үйреніп алдым ғой деймін мен. Жатақханада келіп тұрады. Оның өз бөлмесі бар. Біз солай тұрып жаттық. Бала болған жоқ арада. Қарақат мән-жайдың бәрін білмейді. Ол менің өмірім. Ол кезде Қарақат жоқ болатын. Сондықтан мен оны үйлендім, бала көрдім деп санамаймын. Қызды кім айтпайды, қымызды кім ішпейді дегеннің ғана кері деп ойлаймын. Некеден тыс балам жоқ — деді Қыдырәлі Болманов.  

www.oinet.kz

[:]