АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]»Неге тоқал болмасқа»: Танымал Дизайнер Жадо шетелдікке тұрмысқа шыққан қыздар турал[:]

[:kz]

Танымал Дизайнер Жадо шетелдікке тұрмысқа шыққан қыздар туралы айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі «Бір сұрақ?» бағдарламасына сілтеме жасап.

Күйеуіне тоқал алып берген Жадо шетелдік азаматқа тұрмысқа шыққан қыздардың әрекетін құптамайды. Не болсада қазақтың қызы қазақтың ұрпағын көбейтуі керек дейді ол. Сол себепті текті азаматтардың тоқалы, үшінші, төртінші әйелі болса, оның ешқандай айыбы жоқ деген ұстанымда дизайнер. 

«Көп адам біледі мен жолдасыма екінші әйел алып бердім. Өйткені қазақтың текті азаматтарынан қазақтың қыздары ұлды, қызды болуы керек. Менің ойымша, 10-20 жылдан соң қартайған кезде сіз өзіңіздің тегіңізге тартасыз», — дейді Жадо.  

Дизайнер тоқал болуда тұрған ештеңе жоқ деп ойлайды. Жадоның сөзінше қазақ қызы қазаққа шықса ғана, тегімізді аман алып қала аламыз. 

«Біз мұсылманбыз, біздің өзіміздің дәтүріміз бар. Сол себепті, біздің қазақтың қыздары үшінші әйелі бола берсін, тоқал бола берсін. Әрине, неге болмасқа. Сондықтан, қазақтың ұрпағын көбейту үшін қазақ қызы қазақ жігітке күйеуге шығуы керек», — дейді Жадо. 

 Stan.kz 

[:]