24 апреля, 2020 Comments Off on «Неге осындайлар заңды менсінбейді?»: ТЖ тәртібін бұзған сақалдылар полицияға қоқаңдап жүр (ВИДЕО)

«Неге осындайлар заңды менсінбейді?»: ТЖ тәртібін бұзған сақалдылар полицияға қоқаңдап жүр (ВИДЕО)

Видеода «аузына ақ ит кіріп, көк ит шыққан» сақалды жігіттер полицияның қолын қағып жіберіп, кеудесімен итеріп, өңмеңдеп тұр. Тіпті болмаған соң, жас офицерге газ баллонын қолдануға тура келген.

Төртуыл шоқан деген атпен тіркелген желі белсендісі facebook парақшасына карантин кезінде көшеде маскасыз тайраңдап жүрген сақалдылардың полиция қызметкеріне доқ көрсетіп, балағаттап жатқан видеосын жариялады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы. 

«Міне, «Сен кімсің, мені былай-былай жүргізбейтін? Қысқасы, құдай емессің» деп тұр мына намазхан! Полиция қызметкері өзіне төнген угрозаны ұға қойып, газ қолданды. Ал мына жігіттің айтқан сөзінен полицейскийді қағып-соғып тұрғанын байқау қиын емес. Иә, дөрекіліктер полицейскийлер тарапынан да болып жатыр. Дәл мына ситуацияда полиция қызметкерінікі 99.9% дұрыс» деп жазды ол.

Шынында да видеода «аузына ақ ит кіріп, көк ит шыққан» сақалды жігіттер полицияның қолын қағып жіберіп, кеудесімен итеріп, өңмеңдеп тұр. Тіпті болмаған соң, жас офицерге газ баллонын қолдануға тура келген. Сол сәтте әлгі сақалдының інісімін деген біреу келіп килігеді. Ол да еліріп, өзінің заңды сыйламайтынын, билік өкіліне бағынбайтынын айғақтап тұр. Реті келсе, сақшыларды ұрып жіберуге дайын.

Видеоны көрген жұрт «Ертеңіне сүмірейіп кешірім сұрап тұрады осылар. Неменесіне едіреңдейді, түсінбеймін», «Сақалтайлар көбейіп кеткен! Шетінен психический больнойлар! Мен осындайларды көріп, Қытайдың не үшін мұсылмандарға намаз оқуға тыйым салғанын түсіндім! Бұларға ерік беріп қойса, масқараның көкесі болады! Заңды күшейту керек!», «Қолын қайырып, автозакқа тиеу керек. Аузына келгенін айтып, заң қызметкерінің дәрежесін түсіріп тұр», «Неге осындайлар заңды менсінбейді? «Мүйізін» сындыру керек қой», «Осы сақалдылардың көбінің тұла бойы толған агрессия. Неге ондай екенін», «Осылардың осындай бетпақтығының артында мемлекеттік билікті, заңды мойындамау деген ұстанымдары да тұр-ау деп ойлаймын», «Бұларды тезірек баспаса, ертең мемлекетке қауіп төндіруі мүмкін», «Молодец, полицейский. Талдыру керек бұларды, сақалын жегізіп. Екіншісін де узбогойз жасау керек еді. Аяп керегі жоқ. Сен кімсің дейді формадағы адамға. Жай адамдарды таптап жүрген желбуаздар ғой» деп жазды.

Пікірлер легі әлі де толастар емес. Бұл жолы қалың көпшілік – полицейлер жағында.

 


Комментирование закрыто.