АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]Недеген сұмдық мынау![:]

[:kz]

ҚАЙРАН ДА МЕНІҢ ҚАЗАҒЫМ

 

Кеше бір таныс ағамның өтініші бойынша Астана қаласы Кенесары көшесі 57/1 мекенжайына бір адамды іздеп барған едім. Үйге жеткенше жүрегім ауырды. АСТАНАНЫҢ ҚАҚ ОРТАСЫНДА осындай адам көрсе шошырлық ЖАТАХАНАДА өңшең қазақтар тұрады екен. Үйдің сыртқы қабырғасы сөгіліп, кірпіштері құлайын деп тұр. Тіпті ары-бері өткен адамдардың төбесіне саулап құлап, ертең осы жерде адам өлімі тіркеліп жатса таң қалмаймын. Іші де оңып тұрған жоқ екен. Кірген бетте сасыған сідіктің иісінен екі мұрным бітіп, толған қоқсықтан жүрегім айнып, далаға әрең шықтым. Сонда бұл үй жергілікті билікке керек болмағаны ма?! Бұл үйде ПИК (КСК) жоқ па?!

 

НЕДЕГЕН СҰМДЫҚ МЫНАУ!

 

Кенжегуль Тергембаева

Фейсбуктегі парақшасынан

alashainasy.kz/

[:]