АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]»Назарбаевтың алғашқы махаббаты»: Көркінен көз сүрінер Дарья Александрова туралы не білеміз (фото) [:]

[:kz]

 

 

Дарья Александрова көпшілік арасында актриса, әнші, спортшы, іскер әйел және көрікті ару ретінде танымал. Өзіне қатысты түрлі сыбыстарға нүкте қойған Дарья Instagram парақшасында мансабы мен жеке өмірі туралы айтып берді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы.

Дарья Александрова 1993 жылы 23 ақпанда Ресейдің Алтай аймағындағы Бийск қаласында дүниеге келген. Отбасы кейін Ресейден Қырғызстанға қоныс аударады. Дарьяның ата-анасы ажырасқан.

Оның айтуынша, мектеп жасында сыныптастарының шабуылдарынан қорғанумен болған. Себебі, кей кездері ұлттық негізде қақтығыстар туындап отырған. Дарья жеті жыл бойы Қырғызстанның Балықшы қаласындағы мектепте білім алған, кейін түрік лицейіне оқуға түскен. Ол мектепті жақсы оқығанын, үздік оқушылар қатарында болғанын айтады. Содан кейін актриса мектеп сахналарында өнер көрсетіп, ән айта бастайды. 2010 жылы лицейдегі оқуын тәмамдаған Дарья Алматыға көшіп келіп, Ресей университетінің филиалына оқуға түседі.

Сол жылы Александрова ақша тауып, пәтер жалдай алу үшін бармен болып жұмысқа орналасады. «Шынымды айтсам, көбі маған күле қарайтын. Мен үшін алкогольдің есімдерін есте сақтау өте қиын болды.

 

Келуші ішімдікті бірге ішуді қаласа, оған қалай сыпайы түрде жоқ деген жауап қайтару керектігін түсінбейтінмін. Бұл барға барлығы келетін: жұлдыздар, сән қуған қыздар.

Мен оларға қарап, қалай киіну керектігін, қалай сөйлесу керектігін мұқият зерттейтінмін. Күнде университетке асығып, жұмыстан шаршаған күйі оқу орнына келетінмін. Шаршаңқы түрімді көргендер түрлі сыбыс таратып, тіпті жеңіл жүрісті әйел деп санайтын», — деп есіне алды ол. Кейінірек Дарья өз жұмысынан жалыға бастайды. Сөйтіп өзін модель ретінде сынап көруге шешім қабылдап, фотоларын сән агенттігіне көрсетеді. Көп ұзамай, Дарья «Хабар» телеарнасында көрсетілетін телехикаяда басты рөлді сомдайды.

Алғашқы неке және «Назарбаевтың алғашқы махаббаты» 

 

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от Дарья Александрова (@dariya_aleksandrova)

Бармен ретінде жұмысын жалғастыра отырып, Дарья барлардың бірінде Денис Литуевпен танысады, сөйтіп тұрмысқа шығады. Осы уақытта Александрованың мансабы да жоғарылай бастайды. Оған «Путь лидера» («Елбасы жолы») фильмінде Нұрсұлтан Назарбаевтың алғашқы махаббатының рөлін сомдау ұсынылады.

Бұл рөлді алғашында Кристина Асмус сомдауы керек еді. Алайда, белгілі бір себептермен оның бұл киноға түсе алмайтыны белгілі болады. Сол себепті режиссер Дарьяны шақыру туралы шешім қабылдайды. Кристинаның барлық костюмдері шұғыл түрде Дарьяның өлшемдеріне сәйкес қайта тігіле бастады. Оған тіпті, аяғының өлшемі өзінікінен екі есе кіші Асмустың аяқ киімін киюге тура келеді. 

Салдарынан актрисаға бірнеше күннен кейін оң аяғына ота жасатуға тура келген екен. 2012 жылы Дарья алғаш рет қызыл кілемге шықты. Дарья тек актриса мен әншінің мансабымен шектелмеді: әлеуметтік желідегі парақшасында ол арықтауға арналған онлайн-марафондар өткізіп, желілік маркетингпен айналысады. Бұған қоса, Александрованың дәстүрлі кәсібі де бар. Ажырасу және жаңа бақыт 2016 жылы актриса Денис Литуевке тұрмысқа шығып, бір жылдан кейін олардың Мия атты қызы дүниеге келеді. Алайда, ерлі-зайыптылар 2018 жылы ажырасып кетеді.

 

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от Дарья Александрова (@dariya_aleksandrova)

Ажырасу Даша үшін қиынға соққан. Алайда кейін Дарья қайтадан өзінің өмірлік серігін жолықтырады. Осы жылы Александрова әлеуметтік желі арқылы танысқан ғашығы Сергей Пасюковқа тұрмысқа шықты. Ер адам онымен бірге теннис кортына барып жүрген. 

Сергей Дашаның бірінші некесіндегі қызымен оңай тіл табыса алған. Жақында Дарья екінші рет ана атанды. Автор: Жұлдыз Кенжегалиева

kaz.nur.kz

 

[:]