АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]«Назарбаевқа ескерткіш қою керек деген пікірден айнымаймын» — Мади Ахметов[:]

[:kz]

Мәжілістің ең жас депутаты Мәди Ахметов Алматы қаласында «Жас Отан» жастар қанатының төрағасы болып жүрген кезде Елбасына ескерткіш қою туралы пікір білдірген еді. Осы ұсынысынан соң біраз сынға ілінді. Бірақ Мәди Ахметов әлі де бұл пікірден айнымайтынын айтты. Бұл туралы ол Нұрсұлтан Құрманға берген сұхбатында мәлімдеді деп хабарлайды Oinet.kz.

— Мен әлі күнге дейін Елбасын сол ұсынысқа (ескерткіш орнату — автор) лайық деп есептеймін. Бұл менің жеке азаматтық ұстанымым. Елбасы — әлем бойынша мойындалған саясаткерлердің бірі және бірегейі.   Көршілес жатқан Қырғызстан мен Тәжікстан елдерінде шекара дауына байланысты қақтығыстар болып жатыр. Құдайға шүкір, бұндай мәселе біздің елде жоқ. Кезінде Нұрсұлтан Назарбаев Президент болып тұрған кезде шекара мәселесін толықтай шешкен. Мына біз отырған Нұр-Сұлтан қаласын да Елбасы тұрғызған. Нұр-Сұлтан қаласын Елбасының бастамасымен көтерілген мегажоба деп білемін. Елбасының жасаған еңбегін ешкім жоққа шығара алмайды деп ойлаймын, — деді Мәди Ахметов.

Еске сала кетейік, жас депутат Елбасына ескерткіш орнату туралы идеясымен ел ішінде кеңінен танылған болатын. 

[:]