АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]Назарбаев салқын тигізіп алған екі нәзік жандыға өз қолымен дәрі ұсынды (видео)[:]

[:kz]

Ақорда өз Instagram парақшасында Нұрсұлтан Назарбаевтың әйелдер қауымы өкілдерімен өткен «Көктем шуағы» атты кездесуінен видео жариялады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Видео астындағы жазбада мемлекет басшысының суық тиіп қалған екі әйелге назар аударғаны айтылған.»Бүгін «Ақорда» резиденциясында мемлекет басшысы әйелдер қауымы өкілдерімен «Көктем шуағы» атты кездесу өткізді. Кездесуге қатысқан қыз-келіншектердің ішінде екеуінің салқын тигізіп алып, жөтеліп отырғанын аңғарған Елбасы оларға көңіл бөліп, қамқорлық танытты. Президент орнынан тұрып, өз қолымен дәрі апарып берді. Сондай-ақ, оларға зор денсаулық тілеп, тезірек сауығып кетуіне ниеттестік білдірді», — делінген жазбада.

  

[:]