АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]Назарбаев: «Мына қамшыны басшыларға көрсетіп тұру керек» (видео)[:]

[:kz]

Қазақстанның тұңғыш президенті — Нұрсұлтан Назарбаевтың сирек видеосы жарияланды деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі Президент телерадио кешенінің Instagram парқшасына сілтеме жасап. 

Видеода Елбасының өңірлерді алғаш рет аралап жүрген сәті түсірілген. 

«Батаменен ел көгерер демекші, бата беру дәстүрі баға жетпес құндылығымыз және дәстүріміз.Сондай ізгі және мағынасы зор баталардың бірі-елбасшыға берілетін бата боп саналады. Мінекей, назарларыңызға осындай тариxи оқиғаның кинохроникасы Телерадиокешеннің жаңа жобасы «Лидер эпоxи Независимости» атты деректі фильмінде өз орнын тапқан», — деп жазады президенттің телерадио кешені.

Жергілікті ақсақалдардың республиканың жаңа басшысына батасын берген сәттері бейнеленген. Кадрдан ақсақалдардың Елбасыға қамшы сыйлағанын да байқауқауға болады. 
Ақсақалдардың бірі: «Қамшыны көрген кезде, бізді есіңізге ала жүріңіз», — дейді.
Президент қалжыңға сүйеніп: «Мына қамшыны аудан бастығына, совхоз бастығына көрсетіп қою керек екен анда-санда. Облыс басшынан бастап… Тәртіп болмаса, болмайды деген сөз ғой», — дейді тұңғыш президент әзіл-шыны аралас.

 

«Қамшы» сілтейді

 

[:]