АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]Назарбаев Қорғаныс министрін қабылдады [:]

[:kz]

 

Қауіпсіздік кеңесінің төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев Әсет Исекешев пен Нұрлан Ермекбаевты қабылдады деп жазады elbasy.kz. Кездесу барысында 19 мамыр күні өтетін Қауіпсіздік Кеңесі отырысының күн тәртібі және жиында қарастыру жоспарланған құжаттар талқыланды. «Аппарат Қауіпсіздік Кеңесінің кезекті отырысына материалдарды дайындады.

Отырыста екі мәселе қаралады. Біріншісі – Қарулы Күштерді құру және дамыту тұжырымдамасы туралы, екіншісі – шекарадағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөнінде. Бірінші мәселе бойынша Қорғаныс министрлігімен бірлесе отырып, негізгі басым бағыттар мен іске асыру кезеңдері анықталды.

Сондай-ақ Үкіметпен бірге қаржыландыру және Тұжырымдаманы іске асыруға қорғаныс өнеркәсібі кешеніндегі кәсіпорындардың қатысуы мәселелері қаралды», – деді Әсет Исекешев.

Өз кезегінде Қорғаныс министрі жаңа Тұжырымдама жобасында көрініс тапқан армияны құрудың негізгі бағыттары туралы толық ақпарат ұсынды.

Соңында Нұрсұлтан Назарбаев Қауіпсіздік Кеңесінің Аппаратына бірқатар нақты тапсырма берді. Еске салсақ, бұған дейін Назарбаев Түркістандағы теңдесcіз «Керуен-Сарай» көпфункциялы туристік кешеніне барғанын жазған едік. Қазақстанның тұңғыш президенті «Алтын Самұрық» ұшатын  театрына барып, театрландырылған судағы шоуды тамашалады. Сондай-ақ Нұрсұлтан Назарбаевтың келуіне орай «Қыз қуу» театрландырылған көрінісі көрсетілді.

kaz.nur.kz

 

[:]