АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]Назарбаев Джеки Чанмен кездесті[:]

[:kz]

ҚР Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев танымал қытайлық актер Джеки Чанмен кездесті. Бұл туралы Елбасының баспасөз хатшысы Айдос Үкібай Twitter-дегі парақшасында хабарлады, деп жазады Stan.kz.

Назарбаев Джеки Чанмен кездесті

Кездесуде сондай-ақ, Қазақстанның Қытайдағы елшісі Шахрат Нұрышев және Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Қорының атқарушы директоры Әсет Исекешев те болды.

Естеріңізде болса, Елбасы «Бір белдеу, бір жол» халықаралық ынтымақтастық форумына қатысу үшін Қытайға кеткен болатын.

 Stan.kz

[:]